Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гаухар Әлімбекованың адвокаты әншінің алданғанын жайып салды

Алаяқтығы үшін алты жыл арқалаған Гаухар Әлімбекованың адвокаты әншінің алданғанын жайып салды. Ал әріптестері оның жазықсыз жазаланғанына сенімді. Жұрт жүрегінен орын тапқан өнер “жұлдызын” жақтаған өзге сахна иелері қазір әлеуметтік желілерде қол жинап жатыр.

Танысынан 40 мың доллар алып, баспана сатып алып беремін деп басы бәлеге қалған Әлімбекованың Елбасыға хат жолдағаны да белгілі болды. Онда не туралы жазылған? “Келінге өсиет” айтып, халық мақтанышына айналған өнерпаздың ақталып шығуы мүмкін бе? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл әнде сүйіктісінің, өмірде құрбысының алдында жазығының бар-жоғын түсінбеген әнші Гауһар Әлімбекованың алты жылға сотталғанын желіден естіген әріптестері мең-зең күйде. Кешелі бері дүйім жұртты дүр сілкіндірген сот отырысында оның қолына кісен салынып, бірден түрмеге қамалды. Сазгердің үстінен алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалып, 15 жыл араласқан досы мүлдем кешірмейтінін айтқан. Өнердегі әріптестері ол басындағы қиындығын ешкімге айтпай, іштен тынған деп жарыса жазуда.

Әлеуметтік желіде әншіні жақтап, құрбысын даттаған қараша халық та көп. Гауһар Әлімбекова сотталатынын сезгендей өзін ақтап, Елбасынан араша сұраған. Үш беттен тұратын хатта өнерде отыз жыл жүргенін алға тартып, алаяқтардың арбауына түстім деген. Он жыл бұрын концертіне келіп, іш бауырына кірген Феруза Ордабаева есімді азаматшамен етене араласқанын, оның Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінен пәтер алып беретініне иманындай сенгенін айтыпты.

«Мен Гауһар Серікбайқызы Әлімбекова, ағам Әуезхан Әлімбеков және оның баласы Әлидің атынан қажетті құжаттар мен қаражатымызды яғни 80 мың АҚШ долларды Ордабаеваға табыстадық. Ақкөңіл қазақпыз ғой, өзімнің апалы сіңілідей арасып жүрген Бақыт Назарова есімді әпкеме пәтер алудың осындай мүмкіндігі барын айттым. Ол да, біз де үйлі болдық. Алайда қуанышымыз ұзаққа созылмай, үйден қуылдық».

Феруза Ордабаеваның алаяқ екенін сонда білген. Үй әперемін деп тағы 35 адамнан қомақты қаржы алған ол келіншек 2016 жылы жеті жылға сотталып кетіпті. Сөйтіп, қос құрбыда үй де жоқ, 40 мың доллар ақша да жоқ. Экс-досы үш жыл күткен. Ақыры болмаған соң арыз жазған. Оны 15 жылдық ара-қатынасы да тоқтатпапты.

«Гауһар Әлімбекова ҚР ҚК 190 бабының 4 бөліміне көзделген қылмысты жасау деп кінәлі деп танылып, оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда сот үкімі күшіне енген жоқ»,- дейді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің бас маманы Абай Жарылқасын.

Әнші он минуттың ішінде алты жылды арқалап кетті. Заңгерлер үкім қатал емес екенін айтады. Өйткені, заң алдында әнші ме, күйші ме бәрі бірдей. Оның үстіне, қазір көп әнші заң алдындағы міндеттерді біле бермейді екен. Бұндай жазалар қоғамға ескерту үшін шығарылады дейді. Қарапайым салықтың өзін айлығын көрсетіп төлемейтін әншілерге де түптен келгенде заң қатты.

“Әкімшілік құқық бұзушылық кодексте көрсетілген ҚР айыппұл туралы салық төлемеген жағдайда. Ал аса ірі көлемде төлемегенде қылмыстық жаза тағайындалады. Бас бостандығынан айырылады. Үш жылға дейін. Төрт жылға дейін”, – заңгер Жангелді Жақыпов.

Расымен де, сот ешкімді аямайды. Олардың жер жарған атақ даңқы да, қалтадағы қомақты қаржысы да түк шешпейді. Әсіресе, жемқорлықпен ұсталғандарды. Осыған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов та «Финикс» фильмінің қаржысын талан-таражға салды деп жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді.

«Тура бір жыл бұрын «әкем» театрының экс-директоры Ерлан Біләл да жаңа жылдық кеш ұйымдастыру үшін бір жарым миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бірақ айыбын бірден мойындағаны үшін жеңілдік қарастырылып, сот оған 52 млн 500 мың теңге айыппұл салды. Сөйтіп, бостандыққа шықты. Алайда, абыройы бір күнде шашылған Ерлан Біләл үшін тератрдың есігі тарс жабылды», – Медеу аудандық сотының судьясы Кәкен Шәкіров.

Халық алдында былтыр Қыдырәлі Болмановтың да беделі түсті. Ол этно-дизайнер Ырза Тұрсынзадамен қырық пышақ болғаны ел есінде. Бір ғимаратқа таласқан екі тарап бір бірін сөзбен жеп, соттасуға дейін барды.

“Менің он жылғы еңбегімді. Тас төбеден тарсылдатып тұрып, қанша қыз келіншекті қаңғыртып жіберді. Қанша тұнып тұрған ұлттық мұражайымның бәрін қара топыраққа аунатты”, – дейді этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада.

Пирамида құрып, халықтан қаржы жинаған атақты әнші Амангүл Өтегенова да талай адамды тақырға отырғызып сотты болды. Әйгілі “Ақ жайнақ” деп әндеткен өнерпаздың..

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау