Ғашықтар мерекесінде “Жаным, сәлем” бейнебаянының тұсауы кесілді
Әнші бейнебаянды бірнеше айдан бері түсірген-ді. Ғашықтар мерекесінде әнші Әли Оқаповтың “Жаным, сәлем” атты әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді.

Фото: instagram.com/aliokapov/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Оқапов көптен бері түсіріліп жатқан “Жаным, сәлем” атты әнінің бейнебаянын тыңдармандарының назарына ұсынды. Әншінің айтуынша, аталған бейнебаянды түсіру оңайға соқпаған. Мұнымен қатар, WAZABI тобының солисі Валерий Задарновский бейнебаян режиссері болған.
Әннің музыкасын Әли Оқапов пен Сұлтан Кәрімов, ал сөзін Мархаба Сибаева жазған. Бейнебаянда әнішінің өзі уәде бергендей би көп.
Бейнебаянды көрген желі қолданушылары бірауыздан сапалы жұмыс екенін айтып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Әли Оқаповтың өзін барлығы төрт құбыласы түгел жігіт деп ойлайтынын айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"