Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Жолдасбай: Әжелеріміздің жас көрінгені жақсы емес

Әнші Ғалымжан Жолдасбай заманауи әжелерге қатысты пікірін бөлісті.

17437776_430786933925041_1256900549719097344_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Елуді еңсеріп, алпысты алқымдаған ата-әжелеріміз спорттық көліктерді оңай жүргізіп, түрлі ойын ойнап, нағыз жұлдыздар секілді ән де айтады. Яғни өмірін 50 жастан кейін де өзгертуге талпынғандар аз емес. Оның жарқын мысалы ретінде Бриджет Макронды алсақ болады. Ол – жуырда ғана сайланған Франция президентінің әйелі. Мұндай заманауи әжелер мен енелер Қазақстанда да баршылық. Дәстүрлі әнші Ғалымжан Жолдасбай заманауи әжелерге қатысты пікірін бөлісті.

«Келіншегімнің ауылына барып тұрамыз. Енем басына орамалын тағып жүреді. Бірақ, заманауи киімдер киеді. Бес уақыт намаз оқыса да, бүркеніп алмайды. Әдемілеп орамалын тағады. Бір сөзбен енемді осылай сипаттаймын. Ал тырнағына, көзі мен ерніне қарамайды екенмін. Көпке топырақ шашқым келмейді. Бірақ талай жерден түрлі ене көріп жүрмін. Арасында жыртық джинсы шалбар киіп жүргендері де кездескен. Кейде қызы мен анасын айыра алмай жатасың. Әйелдің жас көрінгені жақсы емес. «Қызыл шоғың көп болар, судың сұрауы бір күні жоқ болар, кәрі қатын қыз болар, оның көңілі мұз болар» деген сөз бар. Яғни қазір кімнің әже, кімнің қыз болып жатқанын білмейміз», – дейді Ғалымжан Жолдасбай.

Ал қазақстандық әже заман ағымына сай даму қажет екенін айтып жатыр. «Қазір енелеріміз – кеңес үкіметі кезіндегі жастар. Біз сол кезде 50 жастағы әйелді үлкен кісі деп ойлайтынбыз. Қазір менің жасым алпыстан асты. Осы күзде 62 жасқа толамын. Ал анам марқұм 58 жасына дейін қамзолы мен мәсісін киіп жүретін. Мен басыма орамал тағып, кең көйлек кигенмен, мәсі киіп жүре алмаймын. Қазіргі заманның ағымына қарай бейімделу керек. Оның үстіне қалада тұрамын. Келініме үлгі болуым үшін таза жүріп, жақсы сөйлеуге тырысамын. Келініме «Мәсі ки» деп айтатындай заман өтіп кетті», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал шенеуніктің қарындасын алған Шоқанның тойына Ресей әншілері келді (видео)

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайрат сияқты бола алмайды

Бағлан Әбдірайымов: Неке жүзігін сатып алған да емеспін

Ләйлә Сұлтанқызы анасының Пайғамбар жасына толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау