Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар тойсыз табысқа кенелудің тың тәсілін тапты

Шет ел жұлдыздары ауқымды шоу өткізіп, альбомнан ақша тапса, қазақстандық әншілер үшін той таптырмас табыс көзіне айналғаны қашан. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің санасында қалыптасқан дәл осы стеротипті, енді Ғалымжан Молданазар бұзбақ ниетте…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ғалымжан Молданазардың табысы тойдан емес! Ол шағын аудиторияда ән кештерін өткізіп, білдей бір ұжымға пайда табудың көзін ұсынып отыр. Музыканттың сөзінше, осылай шет елдік әртістердің тәсілімен жұмыс істейтін отандық өнерпаздардың да саны артып келеді.

“Тойсыз да ақша табуға болады. Димаш бар, «91» бар. Оларда әлемге шығып жатыр. Неге соларды айтпасқа? Неге қазақ бауырларымызбен мақтанбасқа?” – дейді Молданазар.

Күні кеше Ғалымжан көпшілік көптен күткен күйтабақтың тұсауын кесті.  «Молданазардың» 7 тректен тұратын су жаңа үнтаспасы «Есімде бәрі» деп аталады. Бұл, ұжымның топ болып құрылғаннан бергі алғашқы альбомы екен.

“Коммерциялық концерттер көп болды. Жабық концерттер. Сол үш жылдың ішінде жаңа әндер шығаруға біздің уақытымыз болған жоқ. Осы жаңа жылдан бастан барлық концерттерге келісім бермей, шағын альбомды бітіруге бел буып, бітіріп, тыңдарманымызға ұсындық”, – дейді Ғалымжан.

Айтпақшы, «Молданазар» жетекшілік ететін команда, таяу күндері АҚШ-қа аттанбақ. Музыканттардың концерттері Американың төрт қаласында өтеді.

“Қазақстаннан жақсы жер жоқ мен үшін. Сол үшін қайтып келеміз. Осының алдында Америкада бір ай болғанда зорға шыдағанмын. Бір айдан кейін қашып келдім ауылға”, – дейді әнші.

 

«Молданазар» тобының АҚШ-тағы алғашқы концерті, наурыздың 29-күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Зорлық-зомбылыққа қарсы клип түсірген қазақстандық топ жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жұлдыз Әбдікәрімова: Үлкен ұлымыз 5 жасында сән сахнасына шыққан (видео)

Дертінен айыққан Жанар Дұғалова қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Қайрат Нұртастың балалары концертте қандай өнер көрсетті (видео)

Талқылау