Ғалымжан Молданазар: Ресейге қанша шақырса да, Алматымнан ешқайда кетпеймін

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 18:39

Өткен аптада қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар “Өзің ғана” атты әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Аталған бейнебаянның режиссері – Малик Зенгер. Бұл екі достың бірігіп жасаған алғашқы жобасы емес. Фанк пен синди-поп жанрындағы әндерді орындайтын Ғалымжан алдымен Рунетті, артынша Қазнетті шулатқан болатын. Әнші Vласть басылымына берген сұхбатында бейнебаянның қалай түсірілгендігін, не себепті тойда ән салмайтындығын айтып берді. Мұнымен қатар, Қайрат Нұртас туралы ойын бөлісті.

13244028_10209121894987438_6924144587886315342_o

Фото: facebook.com/profile.php?id=100005952438604

– Сіз бүгінгі сұхбатқа арнайы ерте тұрып келдіңіз. Ғалым, сіз тойларда ән салмайсыз, қазақ шоу бизнесіндегі, эстрадасындағы, музыкасындағы тың жобасыз деп те айтуға болады. Сіз өзіңізді осы көңілді кештердің бөлшегі ретінде сезінесіз бе? Әлде мұның барлығы болмысыңызға жат па?

– Мен өзімді қазақстандық эстраданың бір бөлшегі ретінде сезінбеймін. Ол маған ұнайды деп те жалған сөйлемеймін. Бар болғаны адамдардың мәдениетке, өнерге, музыкаға деген қарым-қатынастары ұнамайды. Фонограмма – бұл қылмыс. Тыңдармандарыңды алдағаныңмен қоймай, осы әрекетің үшін олардан ақша аласың. Біздің адамдар, көрермендер өздерінің алданып отырғанын, ал әншілеріміз ауыр қылмыс жасап жатқандарын түсінуі тиіс. Бір мезетте жылағың да, күлгің де келеді. Мен бұл қылмысты жасап жатқандардың қатарына қосылғым келмейді.

– Нью-Йорк, Мәскеу сынды алып қалаларда қазақ тілін сәнге айналдырдыңыз. Адамдар сіздің қазақ тіліндегі әндеріңізді сүйсініп тыңдайды. Бұрын-соңды мұндай болған емес. Бұл рас әрі таңқаларлық жағдай. Сіз қайда білім алдыңыз? Кумирлеріңіз кім? Кімдерді тыңдайсыз?

– Мен барлығын тыңдаймын. Халық әндерін де, эстрадалық әндерді де тыңдаймын. Көбінесе еуропалық әндерге бүйрегім бұрып тұрады. Goldplay, Depeche Mode сынды топтардың тыңдарманымын. Мұның барлығы мен Алматыға келген сәттен бастап басталды. Мен өзімді қызықтыратын дүниелер іздей бастадым.

– Сізді бірнеше рет Ресейге шақырды емес пе?

– Иә, көп шақырды.

– Не себепті бас тарттыңыз?

– Мен Алматыны қатты жақсы көремін. Бұл жерден ешқайда кеткім келмейді… Табыс табу мәселесіне қатысты айтарым бар… Яғни ақшаға қатысты. Мен барлығын бірдей құрметтеймін. Қайрат Нұртасқа деген құрметім де шексіз. Шынайы өмірде көріп қалсам, “Бауырым” – “Бауырым” – “Қалайсың? деп амандық сұрасатынымыз анық.

– Рас айтасыз ба?

– Жанжалдасқанды мүлдем ұнатпаймын. Әркімнің өз аудиториясы бар. Керісінше, менің де аудиториям дәл Қайраттыкіндей үлкен болғанын қалаймын.

– Біз сары басылым болған жағдайда, осы сөздеріңіз бұл сұхбатымыздың тақырыбы болатын еді…


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымжан Молданазар күйзеліс туралы әнге бейнебаян түсірді (видео)

Ғалымжан Молданазардың тыңдармандар сүйіп тыңдайтын әні анықталды

Ғалымжан Молданазардың әні Еуропа радиоларында қойылып жүр

Ғалымжан Молданазар қарттар үйінде не істеп жүр (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар