Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазардың тыңдармандар сүйіп тыңдайтын әні анықталды

Жақын күндердің бірінде сауалнама жүргізіліп, тыңдармандар әншінің қай өлеңін сүйіп тыңдайтынын айтты.

942656_842974042467469_7283478363721963322_n (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ғалымжан Молданазар тек жастар арасында ғана емес, орта жастағы тыңдармандар арасында танымал. Ол қазақ музыка әлеміне жаңа леп, жаңа стиль алып келді десек те болады.

Synthpop, chillwave, pop, britpop жанрында ән шырқайтың әншінің “Алыстама”, “Ақпен бірге”, “Берік бол” сынды әндері ерекше танымал.  Журналистерге сұхбат беріп, той-томалақты аралауды жөн көрмейтін Ғалымжан сауалнаманы 1 наурыз күні өзі ұйымдастырған. Нәтижесінде “Алыстама” атты әнін көпшілік сүйіп тыңдайтын болып шықты.

12645263_843446149086925_5360172022421291130_n

Ғалымжан Молданазардың интернет беттерінде жүрген бейнебаяндарының барлығы дерлік қазақ тіліндегі әнге түсірілсе де, ТМД халқы оларды сүйіп тыңдайды.

Әнінің мәтініне көп көңіл бөлетін әнші америкалық «Break of Reality» тобымен “Ақпен бірге” атты әнге бейнебаян түсіріп, көпшілікке ұсынған болатын.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер туралы жазған болатынбыз.

Талқылау