Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: 100 жылдан кейін адамдар тағамды Интернет арқылы жүктейтін болады

100 жылдан кейін 3D принтері қалыпты іске айналып, адамдарға Интернет арқылы өзіне ұнаған кешкі асты жүктеу еш қиындық тудырмайтын болады. Вестминистерский университетінің ғалымдары зерттеуден соң осындай қорытындыға келген.

1388192337_3

Сурет  www.womens-journal.net сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ғалымдар технологияның дамуына, олардың тәжірибеде қолданылуына болжам жасауға тырысты. 2116 жылы адамдар Марсқа, Айға еркін ұшып барып, алдын ала болжам жасай алатын болады.

Тағам жүктеп қана қоймай, адамзат көк тіреген үйлерде ғана емес, жер астында 25 қабатты үйлер салатын болады. Су асты қоныстану дамып, ұшатын ұшақтар мен көліктер жүргізушісіз діттеген жеріне жететін болады. Бұдан бұрын ресейлік ғалымдар келешекте адамды биопринтерде 2 сағат 47 минутта басып шығаратынын мәлімдеген.

Талқылау