Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Жалғыздық – өлімге әкеп соқтыратын ауру

Миннесота Университетінің ғалымдары ұзақ уақыт бойғы әлеуметтік жалғыздық физикалық ауырсынуға және ағзаға ұзақ уақыт зиянды әсер етуі мүмкін екенін анықтады.

Ғалымдар: Жалғыздық – өлімге әкеп соқтыратын ауру

Бұл туралы Американың жүрек қауымдастығы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ағзаның жалпы күйіне байланысты жалғыздық мидың және басқа ішкі ағзалардың «тозуы» мен өлім-жітімнің 50-70 пайызын жоғарылатады.

Ғалымдардың пікірінше, әлеуметтік оқшаулау қан қысымының жоғарылауын арттырып, адамдарды агрессивті етеді. Дәрігерлер жалғыздықтан келген өлімді жүрек ауруымен салыстырды.

Әлеуметтік оқшауланудан және жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімнің статистикасына сүйенсек, жалғыздықта өмір сүретін адамдардың басқаларға қарағанда үш жарым есе көп көз жұматыны белгілі болды.

Сонымен бірге, барлық жастағы адамдар әлеуметтік жалғыздыққа бейім екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл аурудан 20-дан 80 жасқа дейінгі адамдар зардап шегеді. Бұған дейін дәл осы болжамды Квинсленд университетінің ғалымдары растаған болатын. Олардың пікірінше, әлеуметтік өзара әрекеттестіктің болмауы адамдарға алкоголь мен темекіден гөрі екі есе зиян.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау