Ғалымдар тышқанды нағыз зомби-қанішерге айналдырды
АҚШ-тағы Йель университетінің нейробиологтары тышқан миының жемтігін аулау түйсігіне жауап беретін бөлігін тапқан. Оптогенетиканың тәсілдерін пайдаланып ғалымдар тышқандарды нағыз қанішерге айналдырды.

Бұл туралы “Lenta.ru” басылымында жазылды.
Иван де Араухо тышқанның жемтігін аулауына екі нейронның жауап беретінін түсіндірді. Біріншісі жемтігін ұстауға көмектеседі. Екіншісі тышқанның мойын мен жақ сүйегінің қызметіне жауап береді.
Ғалымдар тышқанның басына лазер орнатты. Олар өшіп тұрған сәтте тышқандар ешнәрсеге тиіспейді. Ал қосылған сәтте тышқан нағыз қанішерге айналады. Мұнымен қатар, жемтікті аулау мен оны жеу – екі бөлек үрдіс екені анықталды. Мамандар енді осы нейрондарды не нәрсе іске қосатынын анықтамақ.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жас ғалым қатерлі ісікке қарсы күресте жаңалық ашты
Ғалымдар тісті пломбасыз емдеудің тәсілін тапты
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты