Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар омыраудың қатерлі ісігінің алдын алуға мүмкіндік беретін әдісті атады

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесі D дәруменінің омырау қатерлі ісігінің пайда болу қатерін төмендететінін көрсетті.

Ғалымдар омыраудың қатерлі ісігінің алдын алуға мүмкіндік беретін әдісті атады

Бұл туралы EurekAlert! басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мамандар 2002-2017 жылдар аралығында 3 325 әйелден алынған мәліметтерді және 1 713 әйел қатысқан зерттеу нәтижесін талдаған. Зерттеуде қатысушы әйелдер қандағы кальцифедиол (D тобы дәрумендері) мөлшеріне байланысты топтарға бөлінген. Байқалғандай, 55 жастан асөан әйелдердің барлығы сау болған. Ғалымдар олардың жағдайын 4 жыл бойы бақылапты.

Осы уақытта сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан 77 әйел тіркелген. Анықталғандай, қанында кальцифедиол мөлшері жоғары болған (1 миллилитрінде 60 нанограммнан аса) әйелдер D дәруменінің қандағы мөлшері 20 нанограммнан аспаған қатысушылармен салыстырғанда, онкологиялық ауруларға шалдығу қатері 5 есеге төмен болған.

Зерттеушілердің сөзінше, зертеу нәтижесін індет мәліметтері де толықтырады. Оған сәйкес, организмдегі D дәруменінің жеткіліксіздігі мен ересек жастағы әйелдердің омырауында қатерлі ісік пайда болуының арасында байланыс бары байқалған.

Аталған дәруменнің қандағы мөлшерін тиісті деңгейге жеткізу үшін, емдәмдік қоспалар және 4-6 мың халықаралық бірлігі бар тағамдарды күнделікті тұтынған жөн. D дәрумені үшін халықаралық бірлік заттың 0,025 микрограммына тең. Күнделікті күн көзінде 10-15 минут жүру арқылы бұл мөлшерді айтарлықтай төмендетуге болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау