Ғалымдар күн жүйесінің тоғызыншы планетасы табылғанын хабарлады

Бейсенбі, 21 Қаңтар , 2016 13:06

АҚШ-та Калифорния технологиялық институтының ғалымдары Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде жерден салмағы 10 есе артық алып планетаның бар екендігіне дәлелдер ұсынды.

күн

Бұл туралы  Би-Би-Си агенттігі жазды.

Зерттеушілердің Astronomical Journal басылымына жазған мақаласында, планета Нептунға қарағанда жерден 20 есе алыста екендігі айтылып, ол ғарыштың қашық тұсындағы шағын денелерді зерттеу кезінде ғана анықталғандығы көрсетілген.
Майкл Браун «жұмбақ планетаның» бар екендігіне телескоппен көрмей ешкімнің сенбейтінін айтады, алайда аспан денесін қазіргі оптика көрсете алмайтын болып шықты.

Бұған дейін Күн жүйесінің ең қашық планетасы Плутон саналып келді, 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ оны «кішкене планета» деп атап, одан планета мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар