Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ғалымдар әйелдердің неліктен жалғыздыққа ұмтылатындарын түсіндірді

Сүрбойдаққа айналған әйелдердің 61%-ы мен ер адамдардың 49%-ы жеке өмірлеріне толықтай қанағаттанатындарын айтқан.

Бұл туралы The Independent басылымы хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, бүгінде жігітпен қарым-қатынас құрудан бас тартқан қыз-келіншектердің көп бөлігі жалғыздықты қанағат тұтады. Сауалнамаға атсалысқан респонденттердің 75%-ы соңғы жылдары қарым-қатынас құруға талпынбағандарын айтқан.  Әсіресе, 45 жастан асқан әйелдер жалғыз жүргенді ұнатады екен.

Эссекс университетінің профессоры Эмили Грандидың айтуынша, әйел адамдар ер адамдарға қарағанда, қарым-қатынастың эмоционалдық және физикалық тұрғыдан толыққанды болуына көп көңіл бөледі. Сол себепті, олар қыз-жігіт қарым-қатынасын құруда көп күш жұмсайды.

Ғалымдар айтып отырған “эмоционалдық еңбек” деп отырғанымыз – жанжалдарды шешу деген сөз. Мұнымен қатар, маман Гранди жалғызбасты әйелдердің айналасындағылармен емін-еркін тіл табыса алатынын айтқан. Ал отбасылы әйелдер өздерін толықтай ері мен бала-шағасына арнаған.


Жіберіп алмаңыз:

Бидің түбін түсірген жастарға шыдамаған еден опырылып кетті (фото, видео)

Денесін дәрі көмегімен өсірген жігіт жұртты таңқалдырды (фото)

Ғалымдар 300 тісі бар ерекше акуланы қолға түсірді (фото)

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Қараша, 2017 13:23
Талқылау