Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 300 тісі бар ерекше акуланы қолға түсірді (фото)

Португалия жағалауларының бірінен осыдан 80 миллион жыл бұрын өмір сүрген акула түрі табылды. Аталған акуланың 300 тісі бар екен.

Бұл туралы Stan.kz The Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы апта ішінде ғалымдар Алгарве жағалауынан сирек кездесетін акула түрін ұстап алды. Аталған акуланың сыртқы көрінісі жыланға ұқсайды. Жалпы ұзындығы – 1,5 метр.

Бір қарағанда акула киімнің жағасына да ұқсайды. Әсіресе, 300 тісі киімдегі бағалы тастарды еске түсіреді. Ғалымдар б.з.д. өмір сүрген акуланы ұстап алғандарына ерекше қуанып жүр.

Мамандардың айтуынша, ол 700 метр тереңдіктен табылған. “Әзірге оның қандай ортада өмір сүргенін дөп басып айту қиын. Мұндай тереңдікке адамдардың да көп түсе бермейтінін анық. Аталған акуланың тісі оған жемін оңай аулауға мүмкіндік береді”, – дейді ғалым Так Нотисиасем.

Дәл осы секілді акуланы өткен жылдың желтоқсан айында Роман Федорцов ұстап алғанын айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайда ер адам бөгдепланеталықтарды көргенін айтып жұртты сендірді (фото)

Замбия саябағында піл селфи жасамақ болған екі туристі таптап кетті

Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі

Фейсбук қолданушының суреттерін «тірілтпекші»

Талқылау