Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ер адам бөгдепланеталықтарды көргенін айтып жұртты сендірді (фото)

Турист Қытайдан бүйрекше бәлішке ұқсайтын бөгдепланеталықтарды көріп қатты таңқалған.

Бұл туралы Stan.kz The Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайвандық ер адам Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан көл маңынан бөгдепланеталықтарды суретке түсіріп алғанын айтады. Бастапқыда мұны өзі де байқамаған екен. Бұл туралы суреттерді көріп отырған әйелінің әпкесі бірінші болып айтқан.

44 жастағы ер адам түсірген суреттерді бөгдепланеталықтарды көптен бері зерттеп жүрген Филип Мантл тексерген екен.

“Суреттегінің бөгдепланеталықтар кемесі екеніне сенімдімін. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген екенмін. Оларды алғаш әйелімнің әпкесі байқап қалған. Ол әзілдеген болар деп суреттерді өзім қарай бастадым”, – дейді Чен.

Филип Мантл өз кезегінде суреттердің шынайылығына күмән келтірген. “Ер адам оларды суретке түсіріп жатқан сәтте байқамаған. Бұл туралы оған туысы суреттерді желіден көріп айтқан. Оны осы мәселе қатты толғандырып жүрген сияқты. Жалпы суретке қатысты бірнәрсені кесіп айту қиын. Әзірге тек болжамдар ғана жасай аламыз”, – дейді маман.


Жіберіп алмаңыз:

Замбия саябағында піл селфи жасамақ болған екі туристі таптап кетті

Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі

Фейсбук қолданушының суреттерін «тірілтпекші»

Өлім аузында жатып сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің диагнозы қате болып шыққан

Талқылау