Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамша жуынған тышқан туралы видеоның құпиясын тапты

Соңғы күндері әлеуметтік желіде адам секілді жуынып жатқан тышқанның видеосы кең тарап кеткен еді. Видео шетелдік ғалымдардың да қызығушылығын оятты.

Видеода тышқанның сабын көпіршіктерімен денесін ысқылап жуынғанын көруге болады.

Мамандардың айтуынша, жуынып жатқан тышқан емес. Ол кеміргіштің ең жалмақай бір түрі. Олар үнемі артқы аяғымен тұрып-жүреді. Амазонканың батысында, тропикалық ормандарда мекендейді.

Ғалымдардың айтуынша, кеміргіш жуынып жатқан жоқ. Денесіндегі өзіне үйреншікті емес сабын көпіршіктерін тазалап жатыр. Тек сырттай қарағанда жуынып жатқан адамға ұқсайды.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте жұрттың көзінше сүйісіп отырған екі қыз елдің ашуына тиді (фото)

Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар

Қызықты сауалнама: Шетелдіктер Қазақстанның Туын мүлдем білмейтін болып шықты (видео)

Талқылау