Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламтор арқылы танысқан жігіттер екі оқушы қызды ішімдік ішуге қинаған

13 және 14 жастағы ауылда тұратын жас қыздар әлеуметтік желі арқылы өздерінен екі жас үлкен жігіттермен танысып, олармен бірге ішімдік ішкен. Олар спиртті өнімдерді ішкісі келмесе де, жігіттерден қорыққан сыңайлы.

09dd35ce0af71c55b64de0cc34adfb12

Бұл туралы STAN.KZ Express-k.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіттер сотта кінәларын толық мойындады. Олар жаңа танысқан жас қыздарді ішімдікке тойдырып, содан кейін не боларын көргісі келген.

Бұлардың әуел бастағы мақсаты не болды деген сұрақ туады. Әрине, олар түрлі тақырыпта әңгіме қозғап қайтқысы келмегені түсінікті. Ашығын айтсақ, осылайша тіпті тәрбиелі деген ауыл тұрғындарының өзі ғаламтордың шырмауына түсіп қалып жатады.

Айыпталушылар қатал жауапқа тартылмаған. Оларға 39 640 теңге айыппұл салынған.

Талқылау