Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ғаламшар аруы” байқауының жеңімпазы белгілі болды (фото, видео)

“Ғаламшар аруы” халықаралық байқауының өз мәресіне жетті. Бұл жолы тәжді Филиппин аруы иеленді.

"Ғаламшар аруы" байқауының жеңімпазы белгілі болды (фото, видео)

Филиппин аруы Катриона Грэй жеңімпаз атанды. Екінші орынды Венесуэлла аруы Стефани Гутьеррес алды. Финалда 5 қатысушы өнер көрсетті. Европа мен Азия, Азия-Тынық мұхиты, Оңтүстік және солтүстік Америка аймағының қатысушылары өтті.

“Қазақстан аруының” ресми парақшасында хабарланғандай, Қазақстан намысын қорғаған Сабина Әзімбаева үздік 20 қатысушы қатарына кіре алмады. Оның сахнадағы өнері елдің есінде сақталып, кылығымен баурап алды.

“Сабинаны құттықтаймыз. Оның Қазақстанды намысын лайықты қорғап шыққанына қуаныштымыз”, – деп жазылған парақшада.

Бұған дейін Сабина байқауда көрсететін костюмді отандастарынатаныстырған болатын. Костюм дизайнері Камила Бах образды қалай жасағанын айтты. Арудың ерекше костюмін ұнатпай, сынға алғандар да табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау