Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ғалам аруы” қатысушысы байқауға барар жолда жоғалып кетті

“Ғалам аруы-2018” қатысушылардың бірі, Сьера-Леоне елінің сұлуы Эстер Бангура байқауға барар жолда із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі El Nacional-ге сілтеп хабарлайды.

"Ғалам аруы" қатысушысы байқауға барар жолда жоғалып кетті

Биылғы жылы халықаралық байқаудың Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқанын айта кетейік. Барлық қатысушы қыздар аталған елге ұшақпен келіп жеткен. Ал Эстер Бандура байқау өтетін жерге кемемен бармақшы болған. Алайда ол сол күйі Бангкокке жетпепті.

Бойжеткен Таиландқа 5 желтоқсан күні жетуі тиіс еді. Алайда әлі күнге дейін ол туралы ешқандай хабар жоқ.

"Ғалам аруы" қатысушысы байқауға барар жолда жоғалып кетті

Тағы бір атап өтетін жайт, Бангураның Instagram-дағы соңғы жазбасы да 29 қараша күні қалдырылған.
Ал “Ғалам аруы 2018” байқауында Эстер Бангура қатысушылар қатарында әлі шыққан жоқ. Ал финал 16 желтоқсан күні өтеді деп жоспарлануда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау