Гүлзира Айдарбекова: Ұлдарымызды салыстырып жұртқа масқара болмайық

Жұма, 16 Маусым , 2017 17:35

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергеновты өзара салыстырып жүріп күлкіге қалмауға шақырды.

18579845_1714057515301561_3802332760442404864_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты жерге, Димаш Құдайбергеновты көкке теңеп жұртты шулатқан болатын. Әншінің анасы бұл сынға қатысты жауап беріп, әрқайсысының өз орны мен тыңдармандарының бар екенін айтқан-ды. Мұнымен қатар, Бибігүл Төлегеноваға еш ренжімейтінін жеткізді.

Бүгін осы сөздерінің дәлелі ретінде өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында Димаш Құдайбергеновтың концерті туралы ақпаратты бөлісті. Аталған ақпаратқа бір сағаттың ішінде 700-ден астам лүпіл қойылып, көптеген пікір жазылып үлгерген-ді. Көпшілік продюсердің достық ниетіне риза болғандарын жазып жатыр.

“Гүлзира әпке, сізге Алла разы болсын”, “Қайрат Димаштан әлдеқайда мықты әнші”, “Сіз өте жақсы адамсыз. Сізге бар жақсылықты тілеймін”, “Екеуін бөліп-жаруды доғарайықшы. Екеуі де қазақтың өнерлі әншілері”, “Гүлзира ханым бұл жерде кім күштірек деп сұрап жатқан жоқ. Тек ақпаратты бөлісті”, “Гүлзира ханым, сіз өте дұрыс жасадыңыз. Сізге ризамыз” деп жазады олар.

Жоғарыдағы пікірлерді продюсер жауапсыз қалдырмады. Барлығын оқығанан байқатты. “Құрметті менің оқырмандарым, бәріміз – ұл-қыздарымызға үмітпен қарап отырған ата-анамыз. Түгел мұсылман – бір қазақтың ұрпағымыз! Бөлініп масқара, күлкі болмайық. Бір-бірімізді қолдап жүрейік!” – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас пен Ернар Айдарды салыстырған бүлдіршін жұртты күлдірді

Сиви: Әйелдің басты міндеті – ерінің “билігін” мойындау

Баян Есентаева шпагатқа қалай отыру керектігін көрсетті (фото)

Беделханның келіншегі өзінің жүкті екенін ерекше жолмен хабарлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар