Гүлзира Айдарбекова ботоксқа тәуелді болып қалғанын мойындады

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 16:02

Өнер әлеміне танылғаннан кейін Гүлзира Айдарбекова бет әлпетінің күтіміне ерекше көңіл бөле бастады. Әртүрлі мамандардың табалдырығын тоздырған продюсердің сыртқы бейнесі алғашқымен салыстырғанда қатты өзгеріп кетті.

17932020_188634504979499_6634032272385245184_n

Танымал продюсер әжімдері көбейіп кеткендіктен бірнеше рет косметологияның көмегіне жүгініпті. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың анасы ботоксқа тәуелді болып қалғанын айтты.

“Менде қазір әжімдер көбейіп кетті. Одырайып көрініп тұр. Жасымыз келді ғой, қадіріңмен, абыройыңмен қартайып жатсаң, әжім де жарасады. Кейде 1-2 тал ақ шаш көрініп қалса, бәрі шулап кетеді. 40-қа дейін мен бетіме бояу жолатқан жоқпын. Тек қана қара қаламмен қасымды бояп, ерніме бояғыш жағып алатынмын. Болды, басқа түк жақпай жүре беретінмін, крем де жақпайтынмын. Бетім құрғақ болғандықтан, ұйықтайтын кезде жай кремдер жағатынмын.

Ал енді 40-тан асқаннан кейін, сахнада жүргеннен кейін үйрене бастадым. Косметологтар айта бастады. Содан кейін бетіме екпе салдырттым. Кейін ол ұнамай қалып, тағы салдырттым. Көзімнің, бетімнің бәрі тартылып, бала-шағам қорқып кетті. Күлсең түрің жаман болып тұрады, ашулансаң тіптен жаман болады. Не істерімді білмей кеттім. Бір күні сахнаға шығып сөйлесем, жұрттың бәрі маған қарайды. Сөйтсем бетім тартылып… Біреулерге білінбейді, ал менің терім сезімтал болғандықтан, бетіме жақпады”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Продюсердің айтуынша, әйелдердің 90 пайызы ботокстың көмегіне жүгінеді. Тек елден жасырып, ол туралы жақ ашпайды екен.

“Қазір сол ботокс салуға қорқып, салмай жүрмін. Бірақ негізі қыртыстарының бәріне бүкіл әйелдер салдырады. Салмаймын дегендердің көбісі өтірік. Ол деген операция емес қой, ол өліп қалған жасушаларды уақытша тоқтатып тастайды. Ол ешқандай қозғалмайды да, жаймен тартыла береді. Ұзақтығы 6 айға созылады, 6 айдан кейін өзінің күшін жоғалтып, қайттан өз қалпыңызға келесіз. Одан кейін бұрынғы әдемілікті қажет етіп, соған тәуелді болып қаласыз. Оған үйреніп қалғаннан кейін қайта-қайта салдыруға тура келеді. Қазір салдырмай жүрмін. Жарқырап тұрған жанарым кетіп, күйеуім әсіресе «мен ғашық болған қастарым, мен ғашық болған көздерім қайда» деп отырады”, – деп ағынан жарылды Қайрат Нұртастың анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Сейфуллин Жолбарыстың жары өзін “тоқал” деп сынайтындарға жауап берді

Нұртас Айдарбеков: Тойға шықсам, Қайрат ыңғайсызданады

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Гүлзира Айдарбекова өзі бақытсыз бола тұра қыз ұзататын әншілерді сынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар