Нұртас Айдарбеков: Тойға шықсам, Қайрат ыңғайсызданады

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 14:38

Бүгінде феномен әншіге айналған Қайрат Нұртастың әкесі де өнер әлемінде жүр. Ұлын жұлдыз еткен Гүлзира Айдарбекова енді күйеуінің әншілік мансабын бір жолға қоюды армандайды. Алайда Нұртас Айдарбековтің өзі баласымен жарысып ән айтқанға аздап ыңғайсызданатын көрінеді.

14063568_1949484075283709_6908166896583966720_n

31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Нұртас Айдарбеков шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Сиви қарындасым мен Ренаттың «Соқыр махаббатына», оның алдында Қайраттың «Өкінішіне» түстім. Жалпы мен отбасымда тоғызыншы, кенже баламын. Ағаларымның бәрі Алматыдағы консерваторияны бітірген. Мен үйде ең соңғы баламын, ата-анам тек маған ғана рұқсат бермеді. Сондықтан мен бұл жолды мамандық ретінде таңдаған жоқпын. Ал жалпы отбасымызда өнер барлығында бар», – дейді Қайраттың әкесі.

Гүлзира Айдарбекова күйеуін танымал әнші еткісі келетінін айтқан еді. Бұған Нұртас Айдарбековтің өзі не дер екен?

«Маған Гүлзира ешқандай продюсерлік жасамайды. Айтсам, өзім анда-санда әнімді айта жүрермін. Біз жалпы бір отбасымыз ғой, продюсерлік деген жоқ», – деп түсіндірді Нұртас Айдарбеков.

Феномен әншінің әкесі тойға да шығып тұратынын жасырмады. Алайда ол ұсыныстардың басым бөлігінен бас тартатынын айтты. Себебі әкесінің тойда ән салғанын Қайрат ұнатпайтын көрінеді. Айтпақшы, Нұртас Айдарбеков тойдан ұлынан қарағанда үш есе аз табыс табатынын ашып айтты.

«Тойға барамын, бірақ көбінесе өзім тартыншақтап, бас тартуға тырысамын. Өйткені Қайрат та ыңғайсызданып жатады кейде. Ал енді қалай да келуіңіз керек деген жерлерге барамын. Мәселе ақшаға тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Бірақ бойыңда кішкене өнер жатқаннан кейін, соны шығарғың келіп тұра ма? Қарап отырсаңыз, қартайып қалған да ештеңем жоқ сияқты. Дегенмен біздің қазақы менталитетке бір жағы келмейтін сияқты ма? Енді білмеймін, ештеңе айта алмаймын», – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат: Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім

Асхат Садырбай кинода ашықтан-ашық сүйісетін актерлерді сынады

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Гүлзира Айдарбекова өзі бақытсыз бола тұра қыз ұзататын әншілерді сынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар