Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 13:36

Гитарамен ән салатын әнші Гүлмира Ақүрпекова 20 жыл бұрын күйеуімен не себепті ажырасқанын айтып, осы күнге дейін ешкімге айтпаған құпиясымен бөлісті.

гулмира

«Арамыздан ала мысық өтіп кетті. Жолдасым бір қызды жақсы көріп қалды. Қыздар деген де… Тәрбиеге көп нәрсе байланысты ғой», – деп бастады сөзін әнші Астана телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Алты айлық сәбиімен жалғыз қалған Ақүрпекованың күйеуін бөтен біреу емес, өзінің құдашасы тартып алған. «Уақыт емші» демекші, Ақүрпекова бүгінде ол жайтты күліп еске алатынын айтты.

5

«Жау алыстан келмейді екен ғой. Құдаша деп қарап жүрсек, құдашамыз күйеуімді айналдырып алып кетті», – деп жалғады сөзін ол.

Өзегі өртеніп, опасыздықтың құрбаны болған Ақүрпекова алты айлық сәбиін қатарынан кем қалдырмау үшін барын салған. Тіпті, жалғыз қызы үшін осы күнге дейін ешкіммен көңіл жарастырмағанын айтты. Ана үшін перзентінің бақыты – бәрінен де қымбат.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева: Арманымдағы ер адамымды кездестірдім (фото)

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Қайрат Нұртас досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берді

Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар