Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы 1,5 айдың ішінде 3 баланың әкесі атанды

«Сток Сити» ағылшын клубының шабуылшысы Сайдо Бераино бір жарым айдың ішінде үш әйелден үш баланың әкесі атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Футболшы 1,5 айдың ішінде үш әйелден 3 баланың әкесі атанды

Үш сәби де 30 мамыр мен 17 шілденің аралығында дүниеге келді. Бірінші баланы анасы футболшының бұрынғы қалыңдығы Стефания Кристофора. Ол ұлын 30 мамырда босанды. Жас ана Сайдомен айырылысып кетсе де, баланың туу туралы куәлігіндегі «әкесінің» есімі тұратын бағанаға Бераинонның атын жаздырды.

Екінші баланың анасы Африканың тумасы. Ол медбике болып жұмыс істеген. Бойжеткен 15 шілдеде футболшыға қыз бала сыйлады. Ресми түрде Бераино баланың әкесі емес. Бірақ, әйел футболшымен және оның қорғаушысымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Үшінші баланың анасы Челси есімді модель. Ол 17 шілдеде футболшыға қыз туып берді. Бұл сәбидің де куәлігінде әкесінің Бераино екені жазылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау