Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матч Түркияда өтті.

Безымянный

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Қазақстандықтар ойынның 8-ші минутында алға шықты. Серікжан Мұжықов пен Бауыржан Исламханның өзара түсіністігі арқасында, Исламхан допты айып алаңына асырған. Бірінші болып допқа жанасқан Мақсат Байжанов Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Бірнеше минут өткен соң қазақстандықтар тағы да бір қауіпті сәт ұйымдастырды. Бұл жолы Шомконың асырған пасына Ұлан Қонысбаев бірінші жеткен. Алайда “Атырау” футболшының дұрыс соққы жасауына Әзербайжан қорғаушысы кедергі келтірді. Номиналды алаң қожайындары әзербайжандықтар тарапынан Араз Абдуллаевтың жасаған соққысы тура бағытталмады.

Бұдан соң қос құрама да алма кезек қауіпті сәттер ұйымдастырды. Бірақ, қарсыластардың қауіпті шабуылдарын “Ростов” клубының намысын қорғайтын Стас Покатилов асқан шеберлікпен қайтарып отырды.

Екінші тайм да белсенді басталды. 56-шы минутта “Тобыл” шабуылшысы Сергей Хижниченко есепті 2:0 ге жеткізетін тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады.

Қазақстан құрамасы сапында алғашқы ойын алмасу орын алып, алаңға Мақсат Байжановтың орынына Исламбек Қуат шықты. Бұдан соң Бауыржан Исламхан алаңдағы орынын Азат Нұрғалиевке, Ұлан Қонысбаев Тимур Досмағамбетовке босатты. Бірнеше минуттан соң Сергей Хижниченконың орынына бапкерлер Алексей Щеткинді жіберді. Щеткиннің жасаған тамаша соққысы да қақпадан сәл қиыс кетті.

Ұзамай Қазақстан құрамасы сапында бесінші алмасу болды. Серікжан Мұжықовтың орынына Ғафуржан Сүйімбаев алаңға шықты. Бұл уақытта ойынның бітуіне 10 минуттай уақыт қалған. Бұл уақытта қос құрама да айтарлықтай қауіпті шабуылдар ұйымдастыра қойған жоқ. Ойынның соңғы он минутында Исламбек Қуат сары қағаз алып, Самат Смақов орынын Асхат Тағыбергенге босатты.

Ал қосымша уақытта құрамада екі бірдей гол соғатын мүмкіндік болды. Ғафуржан Сүйімбаев пен Алексей Щеткиннің соққылары қақпа бағанасынан кері серпілді. Бұдан кейін Әзербайжан құрамасы да қауіпті сәтті кәдеге жарата алған жоқ. Айып добын орындаған Намик Алескеровтың қауіпті добына Стас Покатилов сәтті тойтарыс берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2016 жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 28 наурыз күні Қазақстан құрамасы Талғат Байсуфинов және Нүркен Мазбаевтың басшылығымен Грузия құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Талқылау