Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық 12 жасар бала мемлекеттің туын алып жүрді (фото)

Алматылық 12 жасар футболшы Алан Адахаев Мәскеуде өткен әлем чемпионатының ашылу рәсімінде Қазақстанның туын алып шықты.

Футболдан әлем чемпионатында қазақстандық 12 жасар бала мемлекеттің туын алып жүрді (фото)

Бұл туралы “Қайрат” футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Қайрат» футбол клубы академиясының тәрбиеленушісі «Газпромның» балаларға арналған «Футбол достық үшін» халықаралық әлеуметтік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол 211 мемлекеттен келген жас футболшылармен бірге әлем чемпионатының ашылу рәсіміне шақырту алған.

Алан Адахаев

Сонымен қатар «үлкен футбол» күндері жас ойыншыларға арналып өзіндік чемпионат ұйымдастырылған. Олар 8 топтағы 32 құрамаға бөлініп, командалардың атауы сирек кездесетін және жоғалып жануарлардың атымен қойылған.

Алматылық Алан Адахаев «Коала» құрамасына түсіп, көпшіліктің даусымен команда капитаны болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау