Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотограф өз елінде қыздарды 12 жастан бастап тұрмысқа беретінін суреттері арқылы жеткізді (фото)

Грузия балаларды ерте жастан үйлендіру бойынша Еуропада алдыңғы қатарда тұрған елдердің бірі. Онда қыздарды 12 жастан бастап тұрмысқа береді.

01georgian-brides

 

Бұл туралы National Geographic жазды.

Грузияда кәмілеттік жасқа толмастан тұрмыс құрған қыздардың нақты санын ешкім білмейді. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты қор мәліметіне сүйенсек, Грузияда 18-ге толмаған қыздардың кем дегенде 17 пайызы тұрмыс құрады деген дерек бар. Көбінесе ата-аналары балаларын ресми түрде некеге бірнеше жылдан кейін тұрғызады. Сол себепті ерте жастан шаңырақ көтерген отбасылрды қадағалап отыру қиынға соғады. Жастар көбінесе мешіттер мен шіркеулерде, тағы да басқа діни мекемелерде некелерін қиып, бірге өмір сүреді.

Фотожурналист Даро Сулакаури Грузияда туып өскен. Ол 12 жаста болған кезінде сыныптасының күйеуге шыққанын еске алды.

“Бірдеңенің дұрыс емес екенін сезіп тұрдым. Бірақ не екенін сол күйі түсіне алмадым.

Арада біраз жыл өткен соң Сулакаури Грузиядағы әйелдер проблемасын зерттеуге алды. Сонда сыныптасын еске алған ол жас отбасылар туралы сұрастыра бастады. Сол аралықта ол үйлену тойына шақырту алып үлгерді. Сонда жас қалыңдықтың жылап отырғанын көреді.

«Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол бақытты ме еді? Әлде бақытсыз ба? Байқағаным, ол қатты ұялып тұрды. Дәл осы себепті мен аталмыш тақырыпты зерттеуге алдым», – дейді фотограф.

10georgian-brides

ЮНИСЕФ (БҰҰ қоры) балалар некесін «адам құқығын түбегейлі бұзуға» теңеп отыр. Грузияда балаларды ерте жастар үйлендіру сонау ғасырлардан бері келе жатқан дәстүр. Ол бір аймақпен немесе бір дінмен шектелмейді. Әр аймақтың, әр қаланың өзіндік дәстүрлері болғанымен, оларға ортақ бірнеше дүние бар. Атап айтсақ, күйеужігіт қалыңдықтан біршама жасқа үлкен болады. Ол мектеп бітірген, заңмен белгіленген жастан әлдеқашан асып кеткен. Ережеге сәйкес, құда болу мәселесін күйеужігіттің анасы алғаш болып ұсынады. Алайда Сулакури достары арқылы немесе мектепте, не ғаламторда танысып табысқан жұптарды да кездестіргенін айтты. Қызды тұрмысқа беру қатаң заң болмағанымен, қоғам тарапынан қатты мәдени қысым жасалады.

Аджарияда, 14 жастағы Тамро өзінің әпкесінің тойында би билеп жүр. Қатарластары тұрмысқа шығып жатса да, Тамро бірінші кезекте мектеп бітіргісі келетінін тілге тиек етті.

“Олар өмірдің ағынымен жүзіп кете баратындай. Өйткені олардың әжелері, әжелерінің әжелері өте ерте тұрмысқа шыққан. Сол себепті олар мұны өмір сүрудің қалыпты салты деп қабылдайды”, – деді ол.

11georgian-brides

Сулакури түсіріп алған суреттегі адамдардың басым дені грузиндік азербайжандар болып табылады. Фотограф кезіктірген жас қалыңдықтардың бірі Ләйлә 12 жасында тұрмыс құрып, сол кезден бастап күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған.

Сулакуридің айтуынша, бір жыл бұрын ғана Ләйләнің арман-мақсаттары өзгеше болатын. Ол білім алып, мектеп бітіруді армандаса, 13 жасында бәрінен бас тартқан.

“13-ке толмай жатып ақ үй шаруасындағы әйел атанды. Мектепке барғысы жоқ”, – дейді фотограф.

12georgian-brides

Сулакуридің айтуынша, Грузияда сексуалдық тақырыпта білім берілмейді. Сол себепті қыздардың көпшілігі үйленгеннен кейін неге тап болатынын біле алмайды. Яғни, тұрмысқа шыққан қыздардың бірде біреуі заманауи дүниелерді қолданбайды. Соның салдарынан 15 пен 19 жас аралығындағы қыздар тұрмысқа шыға салысымен-ақ жүкті болып қалады. Ақырында ерте жастан екіқабат болған олар түрлі ауруларға шалдығады, денсаулықтарына кесірі тиеді.

20georgian-brides

 

Сулакаури осындай қыздарды көрген кезде өзінің балалық шағын еске алады.

“Мен бала болғым келгенше болдым. Суреттерім арқылы менің елімде не болып жатқанын көрсеткім келді. Мүмкін содан кейін бір өзгеріс болатын шығар”, – деп түйіндеді сөзін Салакури.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда кинотеатр көрермендері кино басталмас бұрын тік тұрып әнұран тыңдайды

3 жасар егіздердің бірі өліп қалмас үшін ата-аналары оларды некелестірді (фото)

Жапонияда 5 мың балықты қатырып тастағандықтан мұз айдынын жауып тастады (видео)

Арыстан балалардың көз алдында жаттықтырушыға тап беріп өлтірді (видео)

Талқылау