Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Forbes тізіміндегі миллиардер Теміртауда мерейтойын атап өтті

Жақын күндері Теміртауда ақсүйектер қауымы жиналған той тойланды. Мемлекеттің металлургия астанасына ресейлік олигарх мерейтойын атап өту үшін келген. Ол өз туған күнінің құрметіне металлургтерге Ирина Аллегрованың концертін тарту етті, – деп хабарлайды ктк арнасы.

4_vladimir-lisin_630

Ресейдің ең бай  адамдарының тізімінде Владимир Лисин 11 жарым милиард доллар қаражатымен 8-орында тұр. Осыдан 20 жыл бұрын Қарметкомбинаттың бас директорының орынбасары қызметін атқарған Владимир Лисин бүгінгі күн өзінің металлургиялық тобына иелік етіп отыр.  Миллиардердің Теміртауға келуі басы артық сән-салтанатсыз өтті. Тіпті, қала бойынша олигархтың Митталдан комбинатты сатып алуға келе жатқандығы жөнінде сыбыс тараған. Алайда барлығы өзгеше болып шықты. Лисин өзі жұмыс істеген және қазіргі уақытта кәсібін жүргізіп отырған бірнеше қалаларда эстрада жұлдыздарының концертін өткізді. Миллиардерді құттықтауға облыс басшылары келді. Концертті жазбаға түсіруге тыйым салынғанымен, олигарх қысқаша сұхбат беруден бас тартпады.

«Әрине, айырмашылық жоқ емес. Кәсіпорында тазалық орнаған. Бұрын болмаған заманауи құрылғылар да орнатылған. Мен бұл қала тұрғындарына жақсы өмір, ал Қарметкомбинат және т.б. кәсіпорындарға жұмысы жалғасып, дами беруін тілеймін. Барлық адамның табысы жоғары, денсаулығы зор болып, бақытқа кенелсін!» – дейді «Новолипецк металлургия комбинаты» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Лисин.

Талқылау