Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Физика саласының ғалымы иманға қалай келді

Бір мұсылман мемлекетінде намазхан жігіт ядролық физика саласындағы ғалым досына барып уағыз айтады.Ал физик досы болса, әдеттегідей уақыты жоқ, жұмысы көп, жүрегі таза, ниеті түзулігін алға тартып, дін ұстана алмайтыны туралы жауабын кесіп айтады.

Дінтанушы жігіт оттың белгілі бір температурадағы түсінің қандай болатынын сұрайды. Физик еш қиналмастан ол градустағы оттың қып-қызыл болатынын айтады, еп жазады mazhab.kz.

Досы сол температураны ондаған есе күшейтсе оттың қандай болатынын сұрайды. Физик тағы да еш қиындықсыз ол кезде от күн секілді аппақ болып лапылдайтынын дәлелдеп береді.

Досы:

 «Егер ол отты тағы мың есе қыздырса, не болар еді?» деп қоймайды.

Физик:

 «Ондай түсті адам баласы әлі көрген емес. Бірақ физика заңы бойынша, ол от қап-қара болып жануы керек»,– дейді.

Сонда дінтанушы:

 «Онда мына қызықты қарашы; Алла айтты: отыны адамдар мен тастардан болған тозақты мың жыл жаққанымызда ол от қып- қызыл боп жанды. Біз оны тағы мың жыл қыздырғанда, от әппақ жалынға айналды. Тағы да мың жыл жаққанда от қап-қара болды. Адамдар күнәларына қарай осы оттарда жазаланады» деген мағынадағыаяттар мен құдси хадисті айтқанда, физик шошып кетеді:

«Адамар он төрт ғасыр бұрын қара түсті от болатынын білуі мүмкін емес еді. Ендеше бұл расында Алланың айтқаны» деп иман келтіріпті.

Тағы да оқыңыз:

Діни басқарма Алматы облысында ислам дінін қабылдаған 82 жастағы әжейге үй сыйлады

Ислам дінін алғаш болып мойындап, қажылыққа барған ағылшын ақсүйегі жайында не білеміз?

Ажалдан аман қалған имам өзін пышақтаған қылмыскерге кешірім берді

Талқылау