Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фильмде ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған достар 13 жылдан кейін отбасын құрды

2004 жылы Аглияның оңтүстігіндегі Гэмпшир графтығында Кэрри мен Ян Хорнер жергілікті мектепке арналып түсірілген видеода ерлі-зайыптылардың рөлін ойнаған. Достық қарым-қатынаста болған олар 13 жылдан кейін фильм түсірілген шіркеуде шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Кэрри мен Ян 13 жыл бұрын жергілікті шіркеудің дәстүрлі неке туралы түсірген фильмінде ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған. Түсірілімнен кейін олар әр қалаға кетіп, бір-бірімен байланысты жоғалтқан.

«Бұл жалған неке өте қызықты іс болды.  Жақындарымыз келгеннен кейін, неке рәсімінен кейін кеш ұйымдастырдық», – дейді Кэрри.

2013 жылы Кэрри мен Ян  бір-бірін «Фейсбук» желісінен тауып алып, қайта араласа бастаған. Бұрынғы достардың бір-біріне деген сезімі пайда болып, біраз уақыттан кейін отбасын құруды ұйғарады. Осы кезде Ян неке рәсімін 13 жыл бұрын фильм түсірген шіркеуде өткізуді ұсынады. Қалыңдық сүйіктісінің бұл ұсынысын қуана қабылдапты.

«Мен сол жерде қайтадан неке рәсімін өткізгенімізде еш қобалжымадым. Өзімді жеңіл сезіндім. Себебі мен бұрын да дәл осы жерде «некелескенмін», – дейді қалыңдық.

Сондай-ақ, неке рәсімінде ғашықтарға 19 жастағы Брук есімді бойжеткен куәгер болды. Ол 6 жасында фильмде ерлі-зайыптылардың куәгерінің рөлін сомдаған екен.

Оқи отырыңыз:

Екі аяғының ортасынан соққы алған ер адамның жүрегі кеудесінен шығып кетті (видео)

Өзін «уақыт саяхатшысы» атаған ер адам 2118 жылы түсірілген суретті көрсетті (видео)

Ер адам әйелінің жүкті екенін ұшқыштың хабарландыруынан естіді (видео)

 

Талқылау