Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам әйелінің жүкті екенін ұшқыштың хабарландыруынан естіді (видео)

Америкалық ер адам әйелінің жүкті екенін ұшақ ұшқышының хабарландыруынан естіді. Әйел күйеуіне ерекше тосынсый жасағысы келген. Ұшқалы тұрған ұшақта жаңалық естіген ер адам таңғалғанын жасырмады.

Бұл туралы Одри Роуз желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Одри Чикагоға ұшпастан 1 күн бұрын жүктілік тестін жасап, екінші баласына аяғы ауыр екенін білді. Бұл жаңалықты күйеуіне ерекше етіп естіртпекші болып ұшақ экипажына хат жазды.

«Маған жақсылық жасауларыңызды өтінемін. Мен жаңа ғана жүкті екенімді білдім. Ұшар алдында осы туралы хабарласаңыздар мен қуанып қалар едім. Егер хабарлауға уақыттарыңыз болмаса, мен түсінемін. Егер істей алсаңыздар керемет болады», – деп жазды Одри.

Одри бортқа күйеуінен кейін кіріп ешкімге байқатпастан бортсерікке хат береді. Осы сәтте Дэвид iPad-ын алып орнына отырды. Ол әйелінің күдікті әрекетін байқамаған. Одри телефонын алып, күйеуіне байқатпай видеоға түсірген. Бір кезде ұшқыш дыбыстық хабарлама жолдай бастады. Ол Дэвид пен оның әйелін және ұшақтағы орындарын айтып бастады.

«Дэвид пен Одри Роуз ботқа тағы бір жолаушыны заңсыз өткізді. Одри ханыммен бірге оның баласы да саяхаттамақшы», – деді ұшқыш.

Дэвид әйеліне қарап: «Не? Не?» , деп таңғалғанын жасыра алмады.

«Оның түрі өзгеріп кетті. Мен оның осы реакциясын күткен едім», – дейді Одри.

Жолаушылар қол шапалақтап, оларды құттықтады.

Одри жаңалықты естіген күйеуінің видеосын желіге жариялады.

Тағы оқыңыз:

Жілікті бір қолымен сындырған әже желі қолданушыларын таңғалдырды

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)

Бүгін жерге магниттік толқын түседі деп күтілуде

 

Талқылау