Фанат Мессимен селфи жасау үшін оның яхтасына дейін бірнеше шақырым жүзіп жеткен

Сәрсенбі, 20 Шілде , 2016 12:46

Футбол фанаты сүйікті футболшысы Лионель Мессимен кездесіп селфи жасау үшін арнайы жүзіп келген. Оның бұл қадамын бағалаған футболшы да, жанкүйерді өз яхтасына шақырып, кездескен екен.

20160720022317

Бұл туралы eurosport.ru хабарлайды.

Сули Сван Месси мен Роналду жазғы демалыстарын өткізіп жатқан Ибицада демалып жатқан. Жағажайлардың бірінен ол аргентиналықтың яхтасын байқап қалып, жағалауға дейін шақырымнан астам қашықтықты жүзіп келеді. Ол үшін ұялы телефонын полиэтиленді қалташаға ұқыптап орап алған. Ол яхтаға жеткен кезде Месси палубаға шығып, жігітті бортқа шақырған.

Футболшы Сванмен бірге дастархандас болып, футбол туралы пікірлесіпті. Жігіт негізі “Атлетиконың” жанкүйері екен. Ол бұрын Тибо Куртуамен де жақын араласыпты. Алайда Сулидің смартфоны бәрібір су болып қалып, екеуі Мессидің ұялы телефонына суретке түседі. Кейін футболшы фотоны әлеуметтік желі арқылы жолдаған. Кездесуден соң Месси достарына фанатты катерге дейін жеткізіп салуларын өтінген.

“Ол менімен супержұлдыз ретінде сөйлеспеді. Ол өте салмақты әрі қонақжай. Отбасы да сондай екен. Олар тамаша адамдар”, – дейді Сван.

Жанкүйер бұған дейін түнгі клубтардың бірінде Роналдуды көріп қалып та суретке түспекші болған екен.

“Мен тіпті қолымды созып та үлгере алмадым. Оны қауіпсіздік қызметкерлері қоршап тұрды. Оған жету мүмкін емес”, – дейді Сван.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар