Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Facebook MSQRD қосымшасын әзірлеген беларустық компанияны сатып алды

Facebook адамның суретіне түрлі кейіптегі маска қоятын танымал MSQRD қосымшасын жасаған беларустық компанияны сатып алды. Мәміле жайында компанияның сайтында жария етілді.

1020700876

Сурет sputnik.by

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

MSQRD қосымшасын жасаған Евгений Невгень, Сергей Гончар мен Евгений Затепякин Лондондағы Facebook кеңсесіне көшеді. Мәміленің сомасы жария етілмеді.

Компания басшысы Евгений Невгень, әзірше MSQRD технологиясын Facebook желісіне ыңғайластырумен айналысатынын, қосымшаның жеке сервис ретінде қала беретіндігін мәлімдеді. Қосымшаны жасаушылар оған жаңа функциялар қосуды көздеп, отыр деді ол.

Талқылау