Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Facebook» әлеуметтік желісі қазақ тілін еркін меңгерген маман іздейтінін жариялады

Әлемге әйгілі «Facebook» әлеуметтік желісі қазақ тілін еркін меңгерген маман іздейтінін жариялады. Беделді компания болашақ үміткерге айына 31 мың доллар жалақы және тегін  жатақхана беруге дайын. Басты талап Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білу.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Компания өзінің «Facebook-тегі» ресми парақшасында үміткердің Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтінін жазған. Ол Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тілді контенттің хабарламаларын тексеріп, қолданушыларға қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелерді шешумен айналыспақ. Сондай-ақ маман елімізде болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отыруы да тиіс.

«Facebook» компаниясының қазақ тілін түсінетін маман іздегені тегіннен-тегін болмаса керек. Себебі әлеуметтік желіде ойларын еркін жазатын, оны саяси-әлеуметтік пікірталас алаңына айналдырған отандастарымыз көп. Қазіргі уақытта онда тіркелген тұрғындарымыздың саны 1 миллионнан асып жығылды, олардың жас шамасы 25-тен 34-ке дейінгі аралықта. Қолданушылардың 66 пайызы қала тұрғындары болса, 34 пайызы ауыл тұрғындары екен.

Оқи отырыңыз:

Құқы жоқ: Бақытбек Есентаевтың қарындасы Тұрым Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етті

Сабақ алдым: Ақбота Сейітмағамбет қателіктерін қайталамауға уәде берді

Ұшақ бортының қызметкерлері Мақпал Жүнісоваға тосынсый жасады (видео)

Дидар Кәден әйелі Aeka Posh-пен ажырасқанын мойындады

Саят Медеуов: Амалсыздан депутат болып жүрмін

Талқылау