Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Нұртас Адамбайдан кешірім сұрап, $100 сертификатын ұсынды

Air Astana компаниясының өкілі Нұртас Адамбаймен болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

nurtas_a

"Агент жолаушыларды тіркеу кезінде Нұртас Адамбайдан кешірім сұрап, келесі рейспен сағат 15:40-та немесе осы рейстің эконом-класында ұшуды ұсынған. Нұртас Адамбай осы рейспен ұшу туралы ұсынысты қабыл алды. "Эйр Астана" әуе компаниясы Нұртас Адамбайдан кешірім сұрайды. Сондай-ақ, әуе сапарына жұмсаған ақшасын қалпына келтіріп береді. Жолаушыға $100 сертификаты ұсынылмақ", - деп жауап берді Air Astana өкілі Тілек Әбдірайымов Stan.kz тілшісіне.

 

Естеріңізге сала кетсек, Air Astana әуе компаниясы айналасында кезекті дау туған-ды. Белгілі кинорежиссер әрі актер Нұртас Адамбай барлық талапты орындағанына қарамастан, өзінің заңды орнына отыра алмағанын айтып күйінді. Осы уақытқа дейін әуе компаниясын тілдеушілерден қорғап келген Нұртас шикілікке өзі көз жеткізгенін айтты. Сондай-ақ, ол осы жағдайға дәлел ретінде видео ұсынды. 

Талқылау