Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 70% дауыс жинады — Exit-poll

Қазақстандағы Exit-poll – "Жастар" ғылыми орталығы дауыс берген азаматтар арасында жасырын сауалнама жүргізді. Осы зерттеуге сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық дауыстың 69,94%-ін иеленгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Ал орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.

Exit Poll дегенміз не?

Бұл - сайлау барысында дауыс берген азаматтар арасында жүргізілген жасырын сауалнаманың атауы. Exit Poll сайлау нәтижесін сауалнама қорытындысына сүйеніп жариялайды. Осылайша ол дауыс беру нәтижесінің бұрмалануына жол бермейді. 

Заңға сәйкес, аталған жасырын сауалнаманы сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сондай-ақ, мұны сайлау кезіндегі жеке кабиналарда жасауға да рұқсат жоқ. Ол сыртта дауыс беріп шыққан сайлаушылар арасында жүргізіледі. 

Тағы оқыңыз >>> Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Ал нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамдардың саны мен қателік коэффицентін міндеті түрде көрсету керек.

Естеріңізге сала кетсек, кезектен тыс сайлауда қазақстандықтардың 77,4%-інің дауыс бергені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау