Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Еуровидение-2016” нәтижесін қайта қарау петициясына 195 адам қол қойды

Change.org сайтындағы “Еуровидение-2016” байқауының нәтижесін қайта қарау туралы петицияға 195 адам қол қойды.

a56bd2dd2aff90a2ebc08ee65f641455

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлайды.

Петицияны байқау қорытындысын әділетсіз деп тапқан Армения қолданушысы Артур Оганесян жариялаған.

Стокгольмдегі Еуровидение байқауында “1944” әнін орындаған Джамала жеңімпаз атанған болатын. Екінші орынды Аустралияның намысын қорғаған Дэми Им иеленді. Ал үшінші орынға ресейлік әнші Сергей Лазарев лайық деп танылды. Ол көрермендер дауысының арқасында жеңімпаз атанды.

“Біз дауыс беру процессінің әділ қазы алқалары мен көрермендер үшін қиын әрі эмоцияға толы екенін білеміз. Алайда аталған петицияға қол қойған адамдардың санына қарап, жеңіске лайық емес жанның бірінші орынды алғанын көреміз”, – делінген петицияда.

Мұнымен қатар, петицияда “Ережені бұзғандықтан, Еуровидение-2016 байқауы жеңімпазын жүлдесінен айыру”, Жеңісті Сергей Лазаревке беру”, “Ресейге Украинада өтетін Еуровидение-2017 байқауына демеуші болуға тыйым салу”, “Еуровидение-2017 байқауына Ресейдің атынан Ленинград тобын жіберу” сынды тақырыптар көтерілген.


Оқи отырыңыз:

Стокгольмде “Евровидение-2016” байқауы басталды

«Евровидение-2016» байқауының бірінші финалистері анықталды (видео)

Еуровидение-2016 жеңімпаздары белгілі болды

“Еуровидение-2016” байқауында әділқазы қателесіп Украинаға 12 ұпай берген

Талқылау