Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуро-2024: Футболдан Еуропа чемпионатының барлық қатысушысы белгілі болды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ең соңғы қатысушылары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: УЕФА

Еуропа чемпионатының соңғы қатысушылары болып Польша, Грузия және Украина құрамалары тіркелді. Олар сейсенбі күні ұлттар лигасының плей-офф матчында Уэльс, Грекия мен Исландиядан басым түсті. 

Еуро-2024 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Доп додасындағы жағыз дебютант – тарихи жеңісіне қол жеткізген Грузия құрамасы болмақ. Бұған дейін құраманың ең үздік нәтижелері – 1996 жылғы Еуропа чемпонаты мен 2002 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирлеріндегі үшінші орын ғана еді. 

Топтар мынадай болмақ: 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекия командасынан ірі есеппен жеңіліп қалды

Талқылау