Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Этникалық екі қазақ UFC-ге жолдама беретін турнирде жұдырықтасады

Қытайда туған қазақ спортшылар әлемге әйгілі UFC тұжырымына келісімшарт беретін іріктеу турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Sports.ru

Этникалық қазақтар Дәрмен Заупанұлы мен Балғын Жеңісұлы UFC тұжырымына жолдама беретін Road to UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді. 61 келіде жұдырықтасатын Дәрмен (8-1) жапондық Одзаки Ренмен (6-0-2) жекпе-жекке шықса, Балғын (16-5) үндістандық Кантарадж Агасаға (12-3) қарсы шығады. Жеңіске жеткен спортшылар жартылай финалға шығып, UFC тұжырымымен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне ие болады. 

Айта кетейік, UFC-ге жолдама беретін іріктеу турнир 18-19 мамыр күні, Қытайдың Шанхай қаласында өтеді.    

 

Талқылау