Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі ұнтағын қант деп ойлаған 6 жасар қыз оны қаптамасымен қоса шайнап тастаған

АҚШ-тың Филадельфия штатында 6 жасар оқушы қыз кокаиннің тұтас қаптамасын жеп қоя жаздады. Ол есірткіні сыныптасының сөмкесінен тауып алған.

Есірткі ұнтағын қант деп ойлаған 6 жасар қыз оны қаптамасымен қоса шайнап тастаған

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Хабарланғандай, қыз есірткі ұнтағын қантпен шатастырып алған.  Ол есірткі салынған қаптаманы аузына салып, шайнап тастаған.

Абырой болғанда, қыз есірткіні қаптап тұрған үлдірді тесіп үлгермеген. Оның аузындағы күмәнді затты көрген мұғалімі оқушыны бірден мейірбикеге алып барыпты.

Анықталғандай, 6 жасар қыз бен сөмкесінен есірткі табылған сыныптасы бұған дейін есірткіні татып көрмеген.

Ендігі полиция есірткінің оқушының сөмкесіне қалай тап болғанын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

39-жастағы британдық азамат шағым түсіру арқылы жылына мыңдаған доллар табады

Робот ауруханаға түскен науқас қыздың орнына мектеп бітіріп шықты (видео)

Лотерея билетіне екі туған күнін де белгілеген азамат 1,9 миллион АҚШ долларын ұтып алды

Депутат өзіне сөз қайтарған жасөспірімді ұрып жіберді

Талқылау