Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай кек алу емес": Ішкі істер министрі "Не молчи" қорының өкілі Дина Таңсәрінің үстінен қозғалған қылмыстық іске түсінік берді

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов "Не молчи" (Үнсіз қалма) қорының басшысы Дина Таңсәрінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде ҚР ҚК 190-бабының 3 – бөлігі бойынша екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Мәжіліс кулуарларында Ержан Сәденовтен істі қозғауға не себеп болғанын және бұл зорлық-зомбылық құрбандарымен полиция жұмысының кемшіліктерін көрсететін Дина Таңсәріге қатысты құқық қорғау органдарының ойдан шығарылған және кек алу түрі ме деп сұраған.



“Біріншіден, істі Ішкі істер министрлігі өзі қозғаған жоқ, бұл арызданушылардың өтініші бойынша. Сондықтан іс қозғау туралы шешім шығарылған кезде заңдылықты қадағалайтын қадағалау органы бар. Іс ашылды, толық тергеу жүргізіп, бағасын береміз деп ойлаймын. Ешқандай кек алу көзделмейді”, – деп жауап берді министр.

Айта кетейік, қазақстандық құқық қорғаушылар Дина Таңсәріге қолдау білдіру үшін петиция бастаған. “Немолчи.kz” қоры зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетеді. Қазір Таңсәрі Қазақстаннан тыс жерде тұрады.

Бұған дейін құқық қорғаушының қылмыстық қудалауға ұшырағаны да хабарланған болатын. Оның ұйымының банк шоттары бұғатталған. Алайда Дина Таңсәрі жауапқа тартпақ болған істің мән-жайы белгісіз күйінде қалып отыр.

Талқылау