Ешқандай дәрі сізді арықтата алмайды: Ләйлә Сұлтанқызы спортпен қалай айналысатынын көрсетті

Ләйлі Сұлтанқызы денсаулығын қалай жақсартқанын айтып, спортпен шұғылдануға кеңес берді.

Ләйлі Сұлтанқызы

«Жаз жақындағанда қаншама қыз-келіншек спортпен айналысып, дене сымбатын жинақтап алады. Ал нәтижесінде ішкі органдарымыздың да дәл солай қалыпқа келетінін байқай бермейміз. Осыдан тура бір жыл бұрын өзім сенетін орталықтың ұйымдастыруымен Кореяғаға чекап өтуге бардым. 5 сағатта бүкіл ағзаны тексеріп, барлық жағдайды айтып түсіндірді. Ең қатты уайымдағаным – оң жақ бүйректің 5 см төмендегені болды. “Мазаламаса, тиіспеңіз!”- деді. Жарайды, мазаламайды делік, бірақ ол жылдар өткен сайын қадағаламасаң, одан да төмендейтіні анық. Өзіміздің дәрігерлер “спорт, спорт,тек қана бел бұлшық етін қатайту керек, үнемі қадағалап тексеріліп жүріңіз”,- деді. Содан осы жылдың басында спортқа ден қойып, аптасына 3-4 рет жеке тренермен үзбей шыныға бастадым. Кәдімгідей жылайтынмын басында, шамам келмей,шаршап та қалатынмын. Жаттығу залынан шыққанда, енді есігін ашпаймын деп кетем, бірақ бүйрегімді ойлап қайта айналып келем.

Содан, жылап-сықтап жүргенде 4 ай өтті де шықты. Өткен аптада т Қексерілдім.уанғанымды көрсеңіздер ғой, 5 см-ден 0,5 см-ге дейін оң бүйрегім көтеріліп, жағдайы біраз жақсарған. Айтпағым спортқа сыртқы қалыбымыз ғана емес, ішкі мүшелеріміз де мұқтаж.

Ешқандай БАД не дәрі сізді аздыра Алмайды. Болған болса, әсері уақытша болуы мүмкін…

Ешқандай да жарнамаға сенбеңіздер!!! Мен ешқандай шай, дәрі, БАД жарнамасына түскен жоқпын», – деп жазады сұлтанқызы парақшасында.

«Иә, толықтай сізбен келісемін! Тек дұрыс тамақтану мен жаттығулар арқасында 24 келі салмақ тастадым мен де. Аллаға шүкір деймін», «Сізге сәттілік!!! Әрі қарай жалғастыра беріңіз!», – деп жазады желідегілер.

Тағы да оқыңыз:

Қыдырәлі мен Қарақат қызының 1 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото)

Мереке: Сіздер бала көріп жүрген адам мені көзбен отырғызып-тұрғызады

Аманғали: Қайын атам сыныптасым секілді, қайын жұртқа бара бергім кеп тұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар