Баян Мақсатқызы: Мен бұрынғы күйеуіммен дос болып қалғым келеді (видео)

Баян Есентаева елді бейжай қалдырмаған оқиғаға байланысты сұхбат беріп күйеуін не себепті кешіргенін, алдағы уақыттағы не істейтінін айтып өтті.

Продюсерден блогер Эльвира Ерғалина сұхбат алып, Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Блогер Есентаевадан не себепті күйеуін кешіргенін өз аузымен айтып беруді, оған кімнің ықпалы болғанын, әйелдер құқын қорғау ұйымы жөніндегі мәселелерді сұрады.

“Мен екеуміздің ортақ балаларымыз бар екенін ескере келе оған кешірім бердім. Ол жақсы әке, жақсы күйеу болды. Ал, арада болған жанжал біздің отбасылық мәселе. Ол онсыз да 4 ай абақтыға жабылып, істіген ісіне өкінді деп ойлаймын. Құдайдың өзі кешірімді, оның қасында біз ешкім де емеспіз. Менің балаларымның әкесі болғандықтан онымен достық қатынаста қаламыз деп ойлаймын. Әр отбасының өз мәселесі болады, сондықтан мұны көпшіліктің талқылағанын қаламаймын”, – дейді продюсер.

Блогер Есентаевадан мұндай шешімге клуіне туыстарының ықпалы болды ма, кейін бұл іске өзі өкінуі мүмкін бе деген сауал қойды. Продюсер әйелдер құқын қорғау ұйымы жайында да айта кетті.

“Мен 4 ай ойлана келе осындай шешімге өзім келдім. Біреулер бұл шешімімді құптар, енді бірі теріске жатқызар. Бірақ, бұл менің шешімім. Және оны енді өзгерте алмаймын. Мен идеал болғым келмейді. Сондықтан әйелдер менен үлгі алсын демеймын. Мен де қарапайым пендемін”, – дейді ол.

“Әйелдер құқын қорғау ұйымын ерте ме кеш пе әйтеуір қолға аламын. Әйел заты жазықсыз жапа шекпеуі керек. Ер адамдар әйелдерге қол көтеруді доғарса екен деймін”, – дейді Есентаева.

“Баян Мақсатқызы күйеуін кешіріп, əйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашу туралы идеясын ұмытып кеткен жоқ. Əлі қолға алады. Баян ханым фамилиясын ауыстырмайды, “Есентай продакшн” да атауын ауыстырмайды”, – деп жазады блогер парақшасында.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. 19 қазан күні сот отырысынан кейін Есентаеваның күйеуін кешіргені жөнінде хабарланды.

Жіберіп алмаңыз:

Сотталушы Мүсілім Оңдағанов түрмеден үндеу жазып әріптестерінен пара алмауды өтінді

Ұл туып бермегені үшін әйелін тастап кеткен зейнеткерге екінші әйелі де қыз туып берген

Петропавлда ер адам сатушы қыздың басынан бір ұрып киім дүкенін тонап кеткен

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Психологиялық тест: Сіз қаншалықты сараңсыз?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар