Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева “ақыл айтқыштарға” балаларын дұрыс тәрбиелеуге кеңес берді

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева кіші қызы Айарудың ернін қызыл далаппен бояйтынын сынағандарға жауап қайтарып, жарнама жасап беруге өтініш жасайтындардың әбден мезі қылғанын айтты.

8604SLIDER_IMG_7890

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян ханымды көп адамның көмек сұраған өтініші мезі етсе керек “Бүгін уатсапқа концертімді, тұсаукесерімді, т.б. тойымды жарнамалап берші деген 16 хат келді! Жастар, сендер менің беделімді пайданбақшысыңдар, бұл әрекеттерің көңіліме мүлдем жақпайды. Мен үнемі біреуден көмек сұрамауға тырысамын, өйткені бұл көңілге жақпайды! Менің инстаграмдағы парақшам тек өзіме тиесілі. Ол жерде менің өмірім, жобаларым мен арман-тілектерім көрініс табады!” – деп айтқан сөздерінің көңілдеріне жақпаса кешірім сұрайтынын жеткізді.

image

Бұдан өзге кіші қызы Айарудың анасына немесе желі қолданушыларына қарамастан ернін бояйтынын айтты. Біреуге ақыл үйретудің орнына өздерінің балаларын жөндеп алуға кеңес берді. Қызы үш жасынан бастап ернін қызыл далаппен  бояғанды ұнатады екен.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева әріптестерінің жаға жыртысуға дайын тұратынын айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау