Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есболат Беделхан тобын құрмай жатып таратып жіберді

Есболат Беделхан бойжеткендерге бола жігіттерден құралған тобын таратып жіберді. Аталған жаңалықты өзі инстаграм парақшасы арқылы бөлісті. Алайда бұл әншінің кезекті әзілі болса керек.

14727650_610868155761815_7291917963874009088_n

Фото: instagram.com/pandaeiga/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есболат Беделхан жігіттерден құралған “Pandaboyz” тобын таратып жіберді. Мұны аталған топтың “мүшелері” өздерінің инстаграм парақшалары арқылы бөлісті. Десе де, бұл әншінің кезекті қалжыңдарының бірі болса керек. “Экс продюсеріміз, әрі 564-ші оқырманым Есболат Беделxан бізді лақтырды. Енді ол қол астына қыздарды алмақ. Қайдағы жоқ қыздар үшін бізді лақтырып кетті. Жігіт емес екенсің. Олай болса, саубол”, – деп жазады жігіттердің бірі.

Мұнымен қатар, тағы да бір топ мүшесі әзілді қоштай түсті. “22 қараша күні “Pandaboyz” тобының 10 жылдық әрекетсіздігіне арналған концерт қойылуы тиіс еді. Мыңдаған тыңдарманымыздың өкінішіне орай, біздің продюсеріміз еліміздегі алғашқы панда жобаны таратып жіберуді жөн көрді. Қанша жек көремін десем де, мен сені сүйгенім есімде” деп жазады Миятов.

Желі қолданушыларының бірі мұны шындыққа баласа, екіншілері әзіл деп қабылдады. “Жауап бер! Бізді неге лақтырдың?”, “Панда ағай, мұнда не болып жатқанын түсінбедім”, “Қандай топ туралы айтып жатырсыздар? Олар сахнаға алғаш рет қашан шыққан еді?” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қаққан жігіт: Ол әділ жазасын алсын

Беделхан “Ninety one” тобының концертіне қарсы шыққандарды тілдесуге шақырды

Отандық продюсер Түсіпбаеваның ТВ-ға жолын жауып тастайтынын айтып қорқытқан

Ақан Сатаев өзінің фильміне туған қызын түсірді

Талқылау