Ақан Сатаев өзінің фильміне туған қызын түсірді

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 14:46

Жуырда Ақан Сатаев “Аудандар” атты жаңа фильмінің тизерін жариялаған болатын. Аталған туындыда режиссердің туған қызы Мәриям да ойнайтын болып шықты.

шлгнп

Бұл туралы cosmo.kz басылымы хабарлайды.

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында «Аудандар» атты жаңа фильмінің тизерін жариялады. Кинотуынды 1980-ші жылдардағы Алматы тарихынан сыр шертеді. Кино желісі бойынша, Әрсен есімді бала жаңа мектепке ауысып келіп, ол жерден жаңа достар табады. Ол жаңа келген ортада жүріп небір қиындықты бастан кешеді. Фильмде Әсел Сағатова, Гүлнәр Дұсматова, Жандос Айбасов сынды жұлдыздар өнер көрсетеді. Мұнымен қатар, аталған фильмде режиссердің туған қызы Мәриям да бой көрсетеді.

– Сіз қызыныңыздың кино саласына келуін өзіңіз қаладыңыз ба? Әлде оған қатысты басқа мақсаттарыңыз болды ма? Бәлкім оның басқа саланы таңдап, ғылым жолына түсуін қалаған шығарсыз?

– Жарым екеуіміз мамандық мәселесіне келгенде таңдау жасау мүмкіндігін балалардың өзіне береміз. Біз бақылап, арасында бағыттап отырамыз. Болды. Мәриям дәл қазір дизайнер саласында біліп алып жатыр, бірақ өзі үнемі кинематография саласына қызығатын. Өткен жазда “Анаға апарар жол” фильмін түсіріп жатқан кезде ол менің көмекшім болды. Бұл жұмысы оған қатты ұнап қалды. “Аудандарда” фильмінде де ол маған көмектесіп, күн сайын түсірілім алаңында жүргісі келді. Енді ол өзінің мамандығын кино саласымен байланыстырғысы келеді. Солай ма (күлді)?

– Мәриям, “Аудандар” фильміндегі рөлің – сенің алғашқы тәжірибең. Әкеңмен жұмыс істеу оңай ма? Бір шетінен, сен оның туған қызы болғандықтан, қалауын жақсы білесің. Екінші жағынан, сенде оның үмітін ақтай алмай қаламын деген қорқыныш болған шығар?

– Жалпы оңай. Мен оны сөзсіз түсінемін. Оның үстіне екеуіміздің көп нәрсеге көзқарасымыз бірдей. Сол себепті, менің әрекеттерім көп жағдайда оның ойынан шығатын. Ал қателескен жағдайда, ол әрдайым көмектесуге дайын тұратын. Түсірілім барасында өзіме көп жүк артылғанын сездім. Қобалжып, уайымдаған кездерім де болды. Бірақ мен ішкі қорқыныш туралы үнемі әкеме айтып отырамын. Ол өз кезегінде маған қол ұшын созуға дайын. Маған әкеммен бірге жұмыс істеген ұнады. Ол түсірілім алаңында мені өзге актерлерден бөліп-жарған емес.

– Ақан, сіздің қызыңыз осы рөлге тағайындалмас бұрын кастингтен өтті ме? Әлде сценарии қызыңызға лайықталып жазылды ма?

– Білесіз бе, біз “Аудандар” фильміндегі басты рөлге актрисаны ұзақ уақыт іздедік. Көптеген үміткерлерді бақыладық. Таңдауды біз түсірілім тобымен бірігіп отырып жасаймыз. Мәриямның түсетіндігі түсірілімнің басталуына үш күн ғана қалған кезде белгілі болды. Алайда рөлге тағайындалмас бұрын, ол барлық кастингтен өтті. Бастапқыда қобалжығаным рас, алайда түсірілім кезінде дұрыс таңдау жасағанымызға көзім жетті. Рөл қызыма арналып жазылған емес.

Ақан Сатаев осы уақытқа дейін  «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек мың бала», «Ликвидатор», «Анаға апарар жол», «Ағайындылар» сынды танымал фильмдерді түсірген-ді.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қаққан жігіт: Ол әділ жазасын алсын

Беделхан “Ninety one” тобының концертіне қарсы шыққандарды тілдесуге шақырды

Отандық продюсер Түсіпбаеваның ТВ-ға жолын жауып тастайтынын айтып қорқытқан

Сахнада ән салып тұрған Бритни Спирстің төстартқышы шешіліп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар