Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Максим Америкадағы The World's Best байқауында Қазақстанның намысын қорғамақ

Ержан Максим The World's Best байқауында өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Ержан Максимнің Қазақстанның атынан америкалық The World's Best  байқауына қатысуы туралы ұсынысты Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров тастаған болатын. 

"Балалар Евровидениесі" өтіп кетті. The World's Best  байқауында былтыр еліміздің атынан екі қатысушы өнер көрсеткен болатын. Олар Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова. Биылғы жылы министрлік Ержан Максимді ұсынбақ", - деді Асхат Маемиров  баспасөз мәслихатында.

Былтыр әлемнің барлық жерінен жиналған өнерпаздар қатысқан The World's Best жобасында Қазақстаннан Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешова бақ сынаған болатын.

Талқылау