Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінің көтерілуіне байланысты Семейдің екі аудан тұрғындары көшуге дайындалып жатыр

Ертіс өзенінің күтпеген жерден көтерілуі салдарынан Семейдің Полковничий және Восточный аудандарын су басу қаупі бар. Абдуали, Жібек жолы, Ақжол көшелерінің тұрғындарына осындай дабыл ескертіліп жатыр.

8835995

Бұл туралы ШҚО ТЖД хабарлайды.

Семейдің екі аудан тұрғындарын аяқ астынан көшіру кезіне дайын болу керектігі ескертіліп жатыр.

Аталған аудан тұрғындарына құжаттары мен ақшаларын өзге де құнды заттарын оңайға дайындап қою керектігі айтылды.

«Осыған сәйкес барлық жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», – делінген ведомствода.

Талқылау