Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерсі әрекеті үшін халқынан кешірім сұраған Төреғали «Қатемді кешіріңдер» деп ән арнады (видео)

Павлодардағы концертінен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәлі әлі күнге дейін халқынан кешірім сұрап келеді. Оған Ұлы дала баласының әндерін сүйіп тыңдаған көпшіліктің жүрегінде қалған сыз себеп болса керек. Бұған дейін әншінің «Қатемді кешіріңдер» атауымен концерт беретіні белгілі болған еді. Енді әнші тыңдармандарына осы аттас әнін арнады, деп хабарлайды Stan.kz.

Павлодарда өткен концертте ерсі сөз айтып, басы дауға қалған Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында өлең жазып, халықтан кешірім сұраған еді.

“Сөз беремін, мен енді өзгеремін.
Отаным жоқ өзіңнен өзге менің.
Төз дегенің, еліңнен оз дегенің,
Сол менің көздегенім.
кешірім сұрағаным
Өз арым, өз беделім!”, – дейді әнші.

Ендігі әнші аталған әнның сазын жазып, орындап шықты.

YouTube-те Agugai арнасында жарияланған «Қатемді кешіріңдер» әні бір тәулік ішінде 73 мыңнан аса қаралым жинап үлгерген.

Айта кетсек, әнші жақында «Қатемді кешіріңдер!» деп концерт бергелі жатыр. Ғаламтордағы афишаларға қарағанда, Төреғали кешірім концертін Ақтау қаласынан бастамақ.

Оқи отырыңыз:

Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды

Ермек Тұрсынов Қазақстан Кинематографияшылар одағының басшылығына тағайындалды

Бағым Мұхитденова: Мен аузымды ашатын болсам, жақсы болмайды

Қайрат Нұртас Түркияда үш күн қатарынан концерт бермек

Талқылау