Бағым Мұхитденова: Мен аузымды ашатын болсам, жақсы болмайды

“Сиситай” фильмінің жарыққа шығуы қарсаңында Баян Мақсатқызының есімі дау-дамай арасында жиі атала бастады. Азулы продюсер біресе Мөлдір Әуелбековамен, біресе Меруерт Түсіпбаевамен теке-тіреске түсуде. Бұл ретте Баян Мақсатқызы пиар жасау үшін шуды арнайы қолдан ұйымдастыруы мүмкін деген ой туындайды.

Шын мәнінде солай ма? Бағым Мұхитденова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Айтып жатқан біз емес. Біз бар болғаны ісімізді атқарып жатырмыз, ал басқалар сөйлейді. Сөйлей беруге болады ғой, бірақ сен жұмысыңды көрсет. Сенің жұмысыңа жақсы не жаман деп баға берілетіндей дәрежеге жеткіз. Ал сырттан кез келген адам сөйлей алады. Мен аузымды ашатын болсам, оның арты жақсылыққа апармайды. Бірақ мен табиғатымнан ақылды әйелмін. Жалпы ата-анам өте ақылды жандар. Олар маған сөзбен емес, іспен көрсету керектігін үйреткен.

Бірақ өкінішке қарай, сіз атын атаған жандар ештеңе істемейді, тек сөйлей береді. Ең болмағанда сөз қылуға тұратындай кішкентай жұмысын көрсетсін. Біз біреуді шешіндірген екенбіз, бізге кеңесін беріпті. Құдай сақтасын, бұл дегеніңіз күлкілі ғой. Өз тобын құрды ма, қанеки нәтиже көрсетсін. Нарықта 12 жыл жұмыс істеп, алдыңғы қатарда тұратын топ жасасын. Бос сөздің қажеті жоқ. Мұндай жиіркенішті сөзге жауап берудің өзі лайықты іс деп санамаймын”, – дейді Бағым Мақсатқызы.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық киінгенін, тіпті сол үшін топтан кеткенін айтқан еді. Баян Алагөзова көп күттірместен Мөлдірдің шағымына жауап беріп, бар шындықты айтуға шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Түркияда үш күн қатарынан концерт бермек

Төреғали “Қатемді кешіріңдер” деп концерт бергелі жатыр

Жалығып кеттім: Бағлан Әбдірайымов квартет орындайтын әндерді ұнатпай жүр

Әйгілі қазақ әншілеріне пародия жасаған Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар