Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернін ботокспен үлкейтіп алған түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

Сауд Арабиясында жыл сайын өтетін сұлулық байқауында 12 түйе сайыстан шеттетілді. Себебі олардың иелері байқауға қатысушыларды анағұрлым әдемі ету үшін ботокс қолданғаны белгілі болып қалды.

Ернін үлкейтіп алған түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Түйелер фестивалі аясында өткен сұлулық байқауында 12 жануар қатаң тәртіпті бұзғаны үшін қуылды. Фестиваль Эр-Риядтың сыртында өтіп жатыр. 28 күнге созылатын фестиваль барысында сұлулық байқауы, түйелерді үйрету қабілетін көрсету, түйе жүнімен жұмыс жасау өнерін таныстыру тәрізді сайыстар өтеді.

Ернін үлкейтіп алған түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

Байқаудың сыйлық қоры 57 миллион долларды құрайды. Сондықтан ұйымдастырушылар барлық бұзушылықтарға қатаң шара қолданады.

Ернін үлкейтіп алған түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

Былтырғы жылы сұлулық байқауына қатысты арнайы нұсқаулық шығарылды. Онда ернінен препарат табылған, жүні қырқылған, денесінің қандай да бір бөлігі боялған немесе табиғилығы өзгертілген түйелер байқауға қатыстырылмайтыны жазылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Алайда биыл өткен байқауға қатысушылар арасында ерні үлкейтілген 12 түйе анықталды. Тіпті, иелерінің кейбірі түйені опа-далаппен бояндырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау